Басты бет / Басқа түрлер / 1300-ГЕ ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ АУЛА ЛИГАСЫНДА БАС ҚОСТЫ

1300-ГЕ ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ АУЛА ЛИГАСЫНДА БАС ҚОСТЫ

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында аула командалары арасындағы футбол лигасының кезекті ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Оған 1300-ге жуық жас 8-ден асқан кез келген ұлдар мен қыздар қатысып қызықты ойындар көрсетті.

Күннің ыстығына қарамастан таң атысымен көптеп жиналған футбол әуесқойлары жүлде үшін алдына жан салмай бақ сынасты. Нәтижесінде 8-14 жас аралығындағы ойыншылардан құралған «А» лигасының жүлдегерлері болып «Асыл Арман», «Метеор» және «Амкал» болды.

Ал, «Б» лигасында (15+) «Асыл Арман», «Думан ықшам ауданы» және «13-ші аймақ» ойыншылары жүлделі орындарға ие болды.

— Ойындар қиын болды. Сонымен қатар, күнде ыстық. Бірақ біз жеңу үшін бар күшімізді салдық. Қуаныштымыз. Өзіміз аулада жиі дайындалып тұрамыз, – дейді «Асыл Арман» ойыншысы Әлішер Пернехан.

Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен Қазақ Ұлттық университеті стадионында олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.

Сондай-ақ

ГОНСАЛУ ГЕДЕШ «ВАЛЕНСИЯ» ОЙЫНШЫСЫ АТАНДЫ

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншысы атанды. «Валенсия» ресми сайтында, «Пари Сен-Жермен» клубынан …