Жеңіл атлетикадан ел құрамасының спортшысы Элина Михина 400 метрде жүгіруде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшы қыз 400 метрді 52.63 секундта жүгіріп өтіп, финалдық кезеңді үшінші орынмен аяқтады.
Бірінші орынды, 50.09 секундта жүгіріп Азия ойындарының рекордын орнатқан, бахрейндік Сальва Насер алды. Ал екінші орынды, 50.79 секундта жүгіріп өткен индиялық Хима Дас алды.
Сурет: «olympickz» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт