Басты бет / Бокс / САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ «TOP RANK»-ТЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ «TOP RANK»-ТЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық кәсіпқой боксшы Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді.

Глендейл (Аризона штаты, АҚШ) қаласында орналасқан «Gila River Arena» аренасында «Top Rank» промоутерлік компаниясы өткізген бокс кешінде, Сағадат 22 жастағы америкалық боксшы Кристиан Агирреге (7-2, 3 КО) қарсы жекпе-жекке шықты. Кездесу төрешілердің бірауыздан шешімімен Сағадат Рахманқұловтың жеңісімен аяқталды.

Бұл Сағадат Рахманқұловтың кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегіндегі үшінші жеңісі, оның екеуі уақытынан бұрын аяқталған.

Бір апта бұрын, атақты Боб Арумның «Top Rank Promotions» промоутерлік компаниясымен 5 жылға келісімшартқа отырған болатын.

Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық Ноэль Эскуэдоны (8-6-2, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Екінші жекпе-жегінде, қарсыласы колумбиялық боксшы Джон Санчес Леонды (3-1-1, 2 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді.

Сурет: «rakhmankulsagadat» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ПРОМО-РОЛИГІ ШЫҚТЫ

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль …