Кипр елінің Лимасол қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтерді.
Әлем жастары бас қосқан жарыстың алғашқы күні Қазақстандық самбошылар қос қола медаль еншіледі.
Қыздар арасындағы 38 келі салмақта Өтеген Тоғжан қола жүлдегер атанды.
Ұлдар арасында 50 келі салмақта Имаханов Есентай да қола жүлдегер атанды. «Азия балалары» ойындарының чемпионы бұл жолы чемпион атанған Грузиялық балуанға жартылай финалда есе жіберді.

DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт