Бүгін, «Астана» клубының бапкерлік құрамы мен ойыншылары, Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңіндегі «Мидтьюлланд»-қа қарсы қарымта ойын үшін, Данияға аттанды.
«Мидтьюлланд» пен «Астана» арасындағы қарымта ойын 1-ші тамыз күні Хернинг қаласында өтеді. Ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, басталуы Астана уақыты бойынша 23:00-де.
Астана қаласында өткен клубтар арасындағы бірінші ойында, «Астана» «Мидтьюлланд» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірген болатын.
Данияға жол тартқан «Астана» клубының ойыншылар құрамы:
қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов,
қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Марин Аничич, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Евгений Постников,
жартылай қорғаушылар: Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Бақтияр Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Педро Энрике, Марин Томасов, Серікжан Мұжыков,
шабуылшылар: Алексей Щеткин, Жуниор Кабананга, Рангело Янга, Роман Мұртазаев және Владислав Прокопенко.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт