UFC тарихында Ресей жерінде бірінші рет аралас жекпе-жектен дода өткізді.
Мәскеуде (Ресей) өткен UFC FIGHT NIGHT 136 додасының басты жекпе-жегінде, ауыр салмақта Алексей Олейник (Ресей) қарсыласы Марк Хантты (Жаңа Зеландия) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
Негізгі жекпе-жектердің нәтижелері:
Алексей Олейник — Марк Хантты бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді;
Ян Блахович — Никита Крыловты екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді (Д’Арс әдісі);
Шамиль Абдурахимов — Андрей Орловскийді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді (30-27, 30-27, 29-28);
Алексей Кунченко — Тиаго Алвесті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді (30-27, 29-28, 29-28).
Негізгі жекпе-жектер алдында өткендердің нәтижелері:
Халид Муртазалиев — Си Би Доллоуэйді екінші раундта техникалық нокатпен жеңді;
Петр Ян — Чжин Су Сонды төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді (30-27, 30-27, 29-28);
Рустам Хабилов — Каджан Джонсонды төрешілердің екі жақты шешімімен жеңді (29-28, 28-29, 29-28);
Маирбек Тайсумов — Десмонд Гринді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді (30-27, 30-27, 30-27);
Магомед Анкалаев — Марчин Прачнені бірінші раундта нокаутпен жеңді (хай-кик және қолмен соққылар);
Джордан Джонсон — Адам Яндиевті екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді;
Рамазан Эмеев — Стефан Секуличті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді (29-28, 30-27, 30-26);
Мераб Двалишвили — Террион Уэйрді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді (30-25, 30-25, 30-25).
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт