Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / БУНДЕСЛИГА: «БАВАРИЯ» — «БАЙЕРДІ» ЖЕҢДІ

БУНДЕСЛИГА: «БАВАРИЯ» — «БАЙЕРДІ» ЖЕҢДІ

Германия біріншілігінің 3-ші кезеңінде «Бавария» өз алаңында «Байермен» ойын өткізді.

«Альянц Арена» стадионында өткен ойында алаң иелері бірінші таймның басында он бір метрлік айып добынан гол жіберіп алғаннан кейін, тез арада есеп басын теңестіріп кетті. Ал 18-ші минутта «Бавария» клубының ардагер ойыншысы Роббен тағы бір гол соғып, командасын алдыға шығарды.

Хамес Родригес 89-ші минутта гол соғып, ойынның нүктесін қойды. Осылайша, «Бавария» 3:1 есебімен «Байерді» тізе бүктірде.

Германия біріншілігінің 3-ші кезеңінің нәтижесі бойынша, «Бавария» 9 ұпаймен 1-ші орында тұр.

Ойын барысында Толиссо жарақат алып, алмастырылған болатын. «Бавария» клубының ресми сайтының хабарлауынша, Толиссоға ота жасау қажет, ол бірнеше ай алаңға шыға алмайды.

4-ші кезеңде «Бавария» сырт алаңда «Шалькемен» ойын өткізеді.

«Бавария» 3:1 «Байер»

Голдар: Венделл, 5 (он бір метрлік айып добы) — Толиссо, 10, Роббен, 18, Хамес, 89.

«Бавария»: Нойер — Боатенг, Рафинья (Алаба, 82), Киммих, Зюле — Роббен, Толиссо (Хамес, 42), Алькантара, Гнабри (Мартинес, 59), Мюллер — Левандовски.

«Байер»: Градецки — Едвай, Та, Драгович — Бендер, Кор, Бендер (Брандт, 28), Бэйли (Паулиньо, 83), Хавертц — Венделл, Фолланд (Бельараби, 73).

Алаңнан қуылды: Бельараби, 83.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …