Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «БАРСЕЛОНА» — «ПСВ» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «БАРСЕЛОНА» — «ПСВ» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңі басталады. Бірінші болып B тобындағы «Барселона» — «ПСВ» және «Интер» — «Тоттенхэм» клубтары 1-ші кезеңдегі ойындарын өткізеді. Топтық кезеңде барылығы 32 команда, олар 8 топқа бөлінген.

«Барселона» — «ПСВ» ойыны Барселона қаласындағы «Камп Ноу» стадионында жергілікті уақытпен сағат 18:55-те басталады. Ойынға грекиялық маман Анастасиос Сидиропулос өз тобымен төрелік ететін болады.

Отандық «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да телеарнада ойын алдында арнайы бағдарлама болады, ал сағат 22:55-те ойын басталады.

Айта кетсек, «Барселона» мен «ПСВ» еурокубоктерде алты ойын өткізген: 2 мәрте «Барселона» жеңген, 1 рет «ПСВ» жеңген және де 3 мәрте тең ойнаған. «Барселона» Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында 26 ойын жеңіліссіз келе жатыр.

«Интер» — «Тоттенхэм» ойыны Милан қаласындағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді, және де ол ойында жергілікті уақытпен сағат 18:55-те басталады. Ойынға франциялық маман Клеман Турпен өз тобымен төрелік ететін болады.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕРІ БЕЙЖІҢДЕГІ ДОДАҒА ҚАТЫСУДА

Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат өтуде. Бүгін жартылай финалға …