«Реалдың» жартылай қорғаушысы Матео Ковачич «Челсиге» ауысуға жақын.
Қос тарап 24 жастағы Матеоның лондондық клубқа бір жалға баратыны жайлы келісімге келуде.
Бірнеше күн бұрын, хорватиялық ойыншы мадридтік клубтан кету шешімімін қабылдап, командамен жаттығудан бас тартты деген мәліметтер пайда болған.
Ковачичтің жалға кетуі «Реалдың» көңіліне қонымды болды, себебі клубта ойыншыны сату құқығы қала бермек. Ауысым жайлы жақын арада жарияланбақ.
Матео Ковачич «Реал» сапында 3 маусым өткізіп, 109 ойында 3 голмен көзге түскен.
Фото: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт