Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ФУТБОЛДАН АУЛА ЛИГАСЫ ӨТЕДІ

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ФУТБОЛДАН АУЛА ЛИГАСЫ ӨТЕДІ

Сенбі және жексенбі, тамыздын 11-12-і күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен АЭжБУ стадионында (Байтұрсынов көшесі, 124Б) ұйымдастырылады.

Турнирге жасы 8-ден асқан кезкелген ұлдар мен қыздар ақысыз түрде (тегін) қатысаалады. Ойындар олимпиадалық жүйе бойынша өтеді.

Лига жас айырмашылығы бойынша екі санатқа бөлінеді:

Бірінші «А» лигасы – 8-ден 14 жасқа дейінгі

Екінші «Б» лигасы – 15-тен жоғары жас

Регламентке сәйкес әр командада 8 ойыншы болуы керек.

Жарыс бағдарламасы:

11.08.2018 «А» лигасы сенбі күні – 08:00-де басталады, ал тіркелу 07:30-да

12.08.2018 «Б» лигасы жексенбі күні – 08:00-де, тіркелу 07:30-да өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал, сыйлықтарға ие болады, сонымен қатар, аула лигасының серіктесінен «Мaxi чай» сусындары таратылады.

Аула лигасының басты мақсаты қала жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, осы спортты дамыту болып табылады.

Қосымша ақпарат WhatsApp бойынша:

8 (777) 250 63 63 – Влад Кузнецов

8 (777) 303 23 83 – Ерлан Сартаев

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …