Басты бет / Кәсіпқой бокс / Әли Ахмедов / ӘЛИ ОН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА СОҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ БІРІН ӨТКІЗДІ

ӘЛИ ОН ЕКІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА СОҢҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ БІРІН ӨТКІЗДІ

Шаршы алаңда жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (11-0, 8 КО) кезекті жекпе-жегі алдында соңғы жаттығулардың бірін өткізді.

«Жекпе-жек алдындағы соңғы жаттығулардың бірі. 8-ші тамызда Hollywood Fight Nights!» — деп жазып, Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің егізі Максиммен түскен фотосын Instagram парақшасына салды. Әли «Big Bear Summit»-те Абель Санчестің қол астында Геннадий Головкинмен бірге жаттықты.

Айта кетсек, Ахмедов 8-ші тамыз күні Голливудта (Калифорния штаты, АҚШ) орналасқан «Авалон» аренасында өтетін «Hollywood Fight Nights» бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі.

Кештің басты жекпе-жегінде 23 жастағы Әли жергілікті боксшы 33 жастағы Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6 КО) алты раундқа жоспарланған кездесуде қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ 2018-ДЕ ЖЕКПЕ-ЖЕК ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Джакарта мен Палембангта алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарына жекпе-жек түрлері бойынша самбо, ушу және кураштан …