Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «РЕАЛ» САНТЬЯГО БЕРНАБЕУ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

«РЕАЛ» САНТЬЯГО БЕРНАБЕУ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Мадридте «Сантьяго Бернабеу» стадионында Сантьяго Бернабеу Кубогы үшін, «Реал Мадрид» пен италиялық «Милан» ойын өткізді.

Кездесу өте тартысты басталып, ойын 3-4 минутында екі команда да бір-бір голдан соғып үлгерді. Ойын алаң иелерінің жеңісімен, 3:1 есебімен аяқталды.

Жолдастық дода болғандықтан ойынның қарқыны бірде бәсеңдеп, бірде жооғарылап отырды, себебі қос команда да қосалқы құрамның ойыншыларына алаңға шығуға мүмкіндік берді.

Сантьяго Бернабеу Кубогі — испандық клубтың көп жылдық президенті Сантьяго Бернабеудің құрметіне орай 1979-шы жылдан бері өтетін жолдастық дода.

«Реал Мадрид» 3:1 «Милан»

Голдар: 2′ Бензема, 45+1′ Бэйл, 90′ Майораль – 4′ Игуаин.

«Реал Мадрид»: Навас (Лунин 78′) – Карвахаль (Лопес 79′), Рамос (Вальверде 78′), Варан (Родригес 62′), Марсело (Начо 46′) – Кроос (Льоренте 60′), Каземиро (Себальос 46′) – Бэйл (Лукас 77′), Иско (Модрич 77′), Асенсио (Винисиус 78′) – Бензема (Майораль 77′).

«Милан»: Доннарумма – Калабрия (Шимич 80′), Мусакьо, Романьоли, Родригес (Кальдара 56′) – Кессье, Билья (Маури 65′), Бонавентура (Чалханоглу 56′) – Сусо, Игуаин (Бакка 65′), Борини (Кутроне 46′).

Фото: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

МАРКИЗИО 25 ЖЫЛ ӨТКІЗГЕН «ЮВЕНТУСТАН» КЕТТІ

Жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио «Ювентустан» кетті. Қос тарап келісімге келіп келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. 32 …