Жартылай қорғаушы Андрес Иньеста «Виссел Кобе» сапындағы алғашқы голын соқты.
Жапония чемпионатының кезекті турында «Виссел Кобе» 2:1 есебімен «Джубило Ивата» клубын жеңді.
Биыл жазда каталондық «Барселонадан» «Виссел Кобеге» ауысып келген Иньеста, Лукас Подольскидің пасынан ойындағы бірінші голды соқты.
Лукас Подольски 2017 жылдан бері «Виссел Кобе» сапында өнер көрсетуде.
Фото: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт