Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалындағы, «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» арасындағы кездесудің уақыты мен өтетін жері белгілі болды.
Кубалық Juventud Rebelde басылымы, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалындағы, «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» арасындағы кездесу, 30-шы қараша күні Қытайда өтетінін хабарлады.
Бірақ әзірге WSB басшылығы бұл ақпаратты растамады.
Естеріңізде болса, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының жартылай финалында қазақстандық «Astana Arlans» қарсыласы британиялық «British Lionhearts» командасын жеңді. Ал кубалық «Cuba Domadores» қарсыласы франциялық «France Fighting Roosters» командасын тізе бүктірді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт