Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-6-1) пен армян Давид Хачатрянның (24-2) 31 тамызда Астанадағы жекпе-жегі өтпейтін болды.
Қуат Хамитов Instagram парақшасында, «Себебі белгісіз, барлық сұрақтар FN тұжырымына, менің қатысуымды сұраған бұл доданың себебінен, маған 2 тамызда Араб Әмірлігіндегі жекпе-жегімнен бас тартуға тура келді. Жанкүйерлерге айтарым, біз жақ және қарсылас жақ жекпе-жектен бас тартқан жоқ! Болашағыма келер болсақ, келесі жекпе-жегім Қытайда өтуі мүмкін!», — деп жазды.