Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ ҚАТЫСАДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ ҚАТЫСАДЫ

2018 жылдың 26 тамыз күні Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді.

Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

«Чемпионатқа мықты деген палуандар қатысады. Айталық, Моңғолиядан дзюдодан чемпион, Еуразия барысының күміс жүлдегері атанған Ган Товшинжаргал қатысады. Ал, Өзбекстаннан Эркин Данияров бар. Ол әлем чемпионы, Өзбекстанның екі дүркін чемпионы атанған спортшы, әрі қазақ күресінің ережелерін өте жақсы біледі. Қырғыстан мен Жапонияның да командары осал емес. Сондықтан біздің палуандарымыз медаль алуы үшін біраз тер төгуі керек. Оңай жеңіс болмайтыны анық», — деді Ұлан Рысқұл Қазақ күресінен халықаралық федерациясының Бас директор кеңесшісі, Қазақстан барысы атанған спортшы.

Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді

Дереккөз: Egemen.kz

Сондай-ақ

ДЖАКАРТАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ РЕСМИ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді деп хабарлайды Olympic.kz. Еліміздің …