Басты бет / Басқа түрлер / АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бірінші күні жарысқа кез келген ұлдар мен қыздардан құралған 78 команда қатысты. Олардың жасы 8-ден 14-ке дейін. Қызықты ойындардың нәтижесінде «Бөкейханов», «АДК-9» және «Амкар» ойыншылары жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен  АЭжБУ футбол алаңында екі күн бойы олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.

Екінші күні 15-жастан жоғары қатысушылар арасында да командалар саны аз болмады. Нөсерлеп жауған жаңбырға қарамастан 38 ұжым тіркеліп, өз өнерлерін ортаға салды. Олардың арасында «MMBES», «Семск», «Жетісу» командалары үш орынды бөліп алды.

— Барлық ойындар мен командалар жақсы деңгейде болды. Жігіттер мықты екен. Біз өзіміз арнайы қалаға дейін 100 шақырым жердегі «Қырбалтабай» ауылынан келдік. Міне бірінші орын алып қуаныштымыз. Еңбегіміз зая кетпеді. Ұйымдастырушыларға осындай турнир үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да келіп атсалысатын боламыз. – деп «MMBES» ойыншысы Диар Закириа өз ойымен бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал, сыйлықтармен марапатталды, сонымен қатар, аула лигасының серіктесінен «Мaxi чай» сусындары және «Майами» аквапаркі мен алдағы студенттер арасындағы футзалдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына (19-ші тамыз) билеттер таратылды.

Сондай-ақ

ДЖАКАРТАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ РЕСМИ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Бүгін Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді деп хабарлайды Olympic.kz. Еліміздің …