Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) келесі жекпе-жегіне жаттығу үшін Монреальға (Канада) оралды.
Садриддин 7-ші қыркүйек күні Канаданың Эдмонтон қаласында жекпе-жек өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромай (21-5, 18 КО) болмақ. Бұл бокс кешінде Садриддин орта салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасатын болады. Осыған дейінгі үш кездесуінде де жерлесіміз бірінші орта салмақта өнер көрсеткен еді.
Садриддин Ахмедов 16-шы маусымда өткізген жекпе-жек өткізіп, 5-ші раундта қарсыласы мексикалық Густаво Гарибайды (13-10-2, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт