Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЛТЫНШЫ АЛТЫН: ГУЗАЛИЯ ҒАФУРОВА АЗИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

АЛТЫНШЫ АЛТЫН: ГУЗАЛИЯ ҒАФУРОВА АЗИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Каратэші Гузалия Ғафурова Азия ойындарының чемпионы атанды.

Гузалия ақтық сында қытайлық спортшыны 2:0 есебімен жеңді.

«Азия ойындарының алтынын алу оңай болған жоқ. Себебі, қабырғамды жарақаттап алдым. Азиада секілді дүбірлі додада жарақатымды сылтау қылғым келмеді. 2014 жылғы Азия ойындарында мұндай ірі жарысқа алғаш рет қатысқандықтан, көп нəрсенің ретін білмедім. Ал биыл бəрі де мен үшін айдан анық болды. Шыны керек, мұндай жарақатпен алтын аламын деген ойға шамамен 70 пайыздай ғана сенімді болдым. Алтын медаль менің барлық жарақатыма ем болды», — дейді Гузалия.

Бұл Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы алтыншы алтын медалі.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

РЕСМИ: «ВАЛЕНСИЯ» МЕН «ПСЖ» ГЕДЕШТІҢ АУЫСЫМЫНА КЕЛІСТІ

«ПСЖ» командасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Гонсалу Гедеш «Валенсияның» толыққанды ойыншы атанатын болады. «Валенсияның» ресми сайтының …