Орта салмақтағы Әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО), қарсыласы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші жекпе-жегі алдындағы соңғы баспасөз мәслихатының үзінділерін жариялады.
Кеше түнде MGM Grand ойын-сауық кешенінде боксшылардың баспасөз мәслихаты өткен болатын. Головкин Instagram-дағы парақшасында, баспасөз мәслихатының толық нұсқасын youtube-тегі GGG Boxing атты ресми арнасынан көруге ұсынды.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт