Қазақтың салмағы атанып кеткен 69 келінің көрермен үшін маңызы зор. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов демалыс алғаннан кейін бұл салмақта көшбасшы кім болар екен деген сұрақ қызық болғаны анық.
Жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, ерлер арасындағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абылайхан Жүсіпов жаңа салмаққа ауысып, чемпион атанды. Финалда ол Астана қаласының боксшысы Қанағат Мараловты төрешілердің бір ауыздан шешімімен ұтты. 3:0 (30:27, 30:27, 30:27).
Толық нәтижелер:
- Абылайхан Жүсіпов Қарағанды.
- Қанағат Маралов Астана.
- Әлібек Алмасбек ОҚО, Очкин Илья Павлодар.


DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт