Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «АСТАНА-СПОРТИНГ» ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ

«АСТАНА-СПОРТИНГ» ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ

Бүгін Еуропа Лигасының 1/16 финалдық кезеңінде елордалық «Астана» футбол клубы лиссабонның «Спортингін» қабылдайтын болады. Екі ұжым да Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өтуге үміттеніп отыр. Командалар жарыс жолында қалып, кубок жолындағы жорығын жалғастырғысы келеді.

«Астана аренаға» қонақ болатын лисаббондықтардың елордалықтардан ең бірінші басымдылығы-ол әрине, ел чемпионатының өтуінде. Португалия лигасы 23 туры  өткізуде, яғни чемпионат қызу ортасында. Ал, «Астанада» керісінше. Футболдан Қазақстан премьер-лигасы әлі басталмады. «Спортинг» ішкі чемпионаттан тұрақты тәжірбие алып жүр. Бұл дегеніміз, ойыншылар өз бабында әрі әрбір ойынға дайын дегенді білдіреді. «Астанаға» болса, тек жолдастық кездесулермен шектелуге тура келеді. Бұдан шығатын қорытынды «Астана» футбол командасына, клуб демалыстары өздеріне қарсы рөл ойнайды.

Картинки по запросу sporting europa league

 

Еліміздің атын еурокубоктерде танытып жүрген «Астана» футбол командасына екінші қиындық келтірер нәрсе бұл-қарсылас құрамында еуропа ареналары мен үлкен ойындарды көрген шеберлердің болуы. Елордалық клуб тактикалық және физикалық жағынан жақсы ойнай алады. Бірақ, футболда ойын тағдырын аталмыш алдыңғы екі нәрсе шеше бермейді. Командалық ойыннан бөлек, ойыншылардың жеке шеберлігі кейбір матчтарда командасын жеңіс тұғырына шығарады. «Спортинг» сапында ондай ойыншылар жеткілікті. Қақпашы Руи Патрису Португалия құрмандағы «Еуропа чемпионы», қорғаушы Жереми Матье «Барселона» сапында чемпиондар Лигасы жеңімпазы, Фабиу Коэнтрау «Реал Мадридпен» Испания чемпионатының иегері, жартылай қорғаушы Вильям Карвальо «Португалия футбол құрамасының» негізгі ойыншысы, Брайан Руис ағылшын премьер-лигасында өнер көрсеткен ойыншы, шабуылшы Бас Дост алдыңғы маусымдағы бундеслиганың үздік сұрменгендерінің бірі және Сейду Думбия «ЦСКА» футбол командасы сапында тұрақты Еуропа лигасының қатысушысы т.б. Бұл дегеніміз, һас шеберлерді қанатының астына алған «Спортинг» астаналық қорғаушыларды біраз әбіргерге салады дегенді білдіреді.

Одан басқа, «Астана» футбол клубы өз тарихында емес, Қазақстан футбол тарихында Еуропа Лигасының 1/16 финалдық кезеңіне жетіп отырған бірінші команда. Ал, португалдықтар үшін Еуропа Лигасы үйреншікті турнирлердің бірі. Жылда Чемпиондар Лигасында және немесе Еуропа лигасында өнер көрсететін «Спортингтің» бізге қарағанда тәжірбиесі молырақ. Бұдан шығар ой, тәжірбиесі таудай «Спортингке» жас қырандай «Астананың» қарсы тұруы қиынға түсетіндігінде.

Картинки по запросу sporting europa league

 

Еурокубоктерде Қазақстан атын асқақтатып жүрген «Астанада да» қарсыластан басымдықтар бар. Елордалық клуб біз білетініміздей үйде өте жақсы ойнайды. Бұған себеп, «Астана арена» стадионында жасанды газон болуы. Еуропа клубтарының барлығы бірдей нағыз жасылда ойнап үйренген. Нағыз жасыл алаңда ойнауға етін үйреткен «Спортингке» «Астана аренада» ойнау қиынға соғатыны белігі. Ал, керісінше жасанды алаңға төселіп алған «Астана» футбол клубы ешқандай қиыншылық көрмейді. Бұл дегеніміз, үйдегі ойында «Астана» футбол клубының қарсыласты жеңу мүмкіндігі жоғарылайды деген сөз.

Португалиялық әріптестеріміздің өздерін еркін сезінбеуіне тағы бір себеп ұзақ жол және ауа-райы. Жақсы білетініміздей ұзақ жол сапар тек футболшыларды ғана емес, жәй адамдарда шаршатып жібереді. Бірінші ойын Қазақстанда болатындықтан қарсылас команда ұзақ жолды еңсеріп келеді. Бұл, әрине лиссабондықтардың шаршауына түрткі әрі ойында өздерін сергек сезінбеуге себеп. Ал, ауа-райына келетін болсақ, Португалия ызғарлы «Астанаға» қарағанда жылырақ. Дәл қазіргі ауа-райы көрсеткіштері Португалия қаласы Лиссабонда +14° +16° дейді. Елордамыз Астанада бізге үйреншікті -13° -15°. Жылы климатқа үйреніп қалған португалдықтарды Астананың суығы тоңдыратыны сөзсіз. Ал, дірген қаққан аяқ допшы футболда өз шеберлігін ашып көрсете алмайды.

Картинки по запросу fc astana

 

Кішкене ғана болса да, елордалық клубымыз «Астанада» жеңіске деген мүмкіндік бар. Тек, футболшылар Стойловтың «Спартак» және «Краснодар» секілді командаларға қарсы ойнаған соңғы матчтардағы тактика мен жоспарларды орындаса, «Спортингтіде» артта қалдырарымызды білеміз және жанкүйер боламыз! Алға жігіттер, АЛҒА АСТАНА!

Картинки по запросу fc astana

 

Сондай-ақ

ГОЛОВКИННІҢ ҚАРСЫЛАСЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда 39-шы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — америкалық Ванес Мартиросян. Vesti.kz спортшының өмірі …