Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ 1/4 ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІНЕ КІМДЕР ЖОЛДАМА АЛАДЫ?

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ 1/4 ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІНЕ КІМДЕР ЖОЛДАМА АЛАДЫ?

 

Кешегі керемет көңіл күйді бұзбай бүгінде сол көңіл күймен Чемпиондар Лигасын жалғастыратын боламыз. Бүгін, ЧЛ аясында , «Реал Мадрид-Париж Сен-Жермен», «Порту-Ливерпуль»  кездесетін болады. Менің сараптамам бойынша келесі кезеңге өтетіндер туралы сөз қылайық…

«Порту-Ливерпуль»

Өз тобында ешқандай қиындық көрмеген 2 команда кездеспекші. Клопптың командасы бабында. Клубтан Коутиньо кеткенімен ойын қарқыны бәсеңдемеді. Салах бастаған жігіттер қарсыластарын жойқын шабуылдармен мазалары анық. Қарымта шабуыл мен керемет прессингте ойнайтын Клопп жігіттері, қорғанысы мен шабуылы бір баланста тұрған командаларға қарсы ойын өрнегін жақсы мәнерде көрсете алмай жатады. Және бұл мәселені германиялық бапкерде жақсы біледі. Тактиканы жанына серік қылмаған «Порту» дәл осы тактикалық жағынан «Ливерпульдан» қалыс қалатыны белгілі. Фирмино мен Салах құрған дуэт Клоппты келесі кезеңге алып шығатыны сөзсіз. Португалияда өтетін ойында емес, ойын тағдыры «Энфилдте» шешілуі керек. Менің болжамым бойынша  Ливерпуль 70%-ға келесі кезеңге жолдама алып тұр. Ал, «Порту» мүмкіндігі 30%.

«Реал Мадрид-Париж Сен-Жермен»

Чемпиондар Лигасы жұптарының ішінде футбол жанкүйлерінің ойларын екіге айырып жүрген жұп. Бірі франциялық клубтың келесі кезеңге өтеріне сенсе, енді біреуі Чемпиондар Лигасының қожайыны жарыс жолын жалғастырады деген сенімде. «ПСЖ» неге келесі кезеңге өтуі мүмкін? Біріншіден, франциялықтардың жеңуге құлшынысы көп. Команда лидері Неймар осы турнирдің жеңімпазы болып, жыл соңында «алтын доп» алғысы келеді. Және сол үшін командаластары барын салатын болады. Екіншіден, осы маусымда «ПСЖ» мадридтік клубқа қарағанда бірқалыптылық көрсетіп жүр. Ел чемпионатында қарсыластарынан үлкен басымдылықпен бірінші орында келе жатыр. Ал, «Реал Мадрид» командасының қыр соңына осы маусымда қиындықтар қалмай жүр. «Ла Лигада» 4 орынды місе тұтып, ойыны шашыраңқы болып жүрген «Реалды» «ПСЖ» жеңеді деген сөз ойға қонымды. Бірақ, соңғы кездесулерде «кілегейлілер» бабына қайтып оралып келе жатыр. Команданың бас жұлдызы Криштиану Роналдуда біртіндеп ойын өрнегін түзеп келеді. Алайда, қазіргі таңдағы «Мадридтің» басты мәселесіне айналған қорғанысы «ПСЖ» ойыншыларының жойқын шабуылына тойтарыс бере алмай қалуы әбден мүмкін. «Реалдың» маусымды құтқаруы үшін соңғы мүмкіндігі осы кубокта екендігін біледі. Сол үшінде, «Реал Мадрид» қарсылық көрсететін болады.  Ал, «ПСЖ» кемшіліктеріне келсек,франциялық клуб қонақта ойнай алмайды. Бұған айқын дәлел, алдыңғы жылы уыстан кеткен жеңіс, Камп Ноудағы «Барселонадан» жеңілісі. «ПСЖ» арқа сүйеп отырған Неймар бабында болатын болса, «ПСЖ» да бабында болады деген сөз. Ал, келесі кезеңге кім өтеді десеңіздер, мен бұл ойынды сіздерге қалдырамын, яғни зерттеуім бойынша екі командаға да өту пайызын 50%-ға бағалаймын. Өйткені, бұндай кездесулер тағдырын үлкен тактика емес, ұсақ-түйек қателіктер шешеді. Достар қай команданы келесі кезеңге өтуге лайықты деп ойлайсыздар?

Сондай-ақ

ГОЛОВКИННІҢ ҚАРСЫЛАСЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда 39-шы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — америкалық Ванес Мартиросян. Vesti.kz спортшының өмірі …