Басты бет / Басқа түрлер / 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН МЕДЕУ «СПОРТТЫҚ АЛМАТЫМЕН» АТАП ӨТЕДІ

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН МЕДЕУ «СПОРТТЫҚ АЛМАТЫМЕН» АТАП ӨТЕДІ

Наурыздың 8-і күні Халықаралық әйелдер мерекесін Медеу «Спорттық Алматы» бағдарламасымен атап өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бағдарламаның тәжірибелі нұсқаушылары сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін барлық мұз айдының келушілеріне коньки тебуді тегін үйретеді. Сонымен қатар, осы шараны ұйымдастырушылар Медеудегі аруларды құттықтап, қонақтарының арасында көптеген қызықты ойындарды өткізіп, бағалы сыйлықтарды тарады.

Айта кетер жайт, спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.

Тегін коньки тебуге үйрету сабақтары, осы апта 4 күн бойы жалғасады. 8 мен 9-ші наурыз күндері сағат 12:00-де, ал, 10-11 күндері 19:00-де басталады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН АЛЬВАРЕСТЕН КЕЙІН ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКІЗУІ МҮМКІН

Ағымдағы жылы 5 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы реванш …