Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АТЫРАУЛЫҚ КИКБОКСШЫЛАР ТҮРКИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

АТЫРАУЛЫҚ КИКБОКСШЫЛАР ТҮРКИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

5-8 сәуір аралығында Түркия астанасы Анкара қаласында 27 мемелекеттің басын қосқан Халықаралық турнир өтті, — деп хабарлайды Атырау облысы кикбоксинг федерациясының баспасөз қызметі.

«Turkish Open», Альперен Атабай атындағы 3-ші Халықаралық турнирге 2400 спортшы қатысты. Бұл кикбоксинг спортының әлем бойынша қарқынды даму үстінде екенін көрсетеді.

Түркия елінде Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының кикбоксшылары 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Керімов Дәурен финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанса, Сәлімгерей Жанали мен Құсайнов Сержан үшінші орыннан көрінді.

Қазіргі таңда кикбоксинг спортының әлем бойынша танылуы жолында және Олимпиада ойындарына енгізу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Түркиядағы турнир соның бір дәлелі болып табылады.

Сондай-ақ

НАМЫС ОТЫНА ШОҚТАЙ ҚАРЫЛҒАН ӘБІЛСЕЙІТ АЙХАНОВ

Кеше қазақтың әйгілі балуаны Әбілсейіт Айхановтың туған күні болды. Марқұм, тірі болса, 80-ге толар еді. …

Добавить комментарий