Басты бет / Басқа түрлер / АСТАНАДА СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ МЕН МАРКЕТИНГ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТЕДІ.

АСТАНАДА СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ МЕН МАРКЕТИНГ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТЕДІ.

Сәуірдің 23-24 аралығында «Қазмедиа Орталығы» медиа-мектебінде «Спортты ұйымдастырудағы маркетинг пен байланыс. Спорт журналисткасындағы жаңа трендтер» атты PR және спорт маркетингі жайында семинар өтеді.

Семинар отандық спорт журналистерді қолдау мен жетілдіру, баспасөз-қызметтері, спорт федерациялар мен ұйымдардың жұмыстарын жақсарту мақсатында ұйымдастырылады. Бұл шараны «Олимпиадалық ынтықмақтастық» жобасының көмегімен Қазақстан Олимпиада комитеті ұйымдастырады.

Аталмыш семинарда ресейлік беделді спорт журналистері мен комментаторлары шеберлік-сабағын өткізеді.

«Қазақстан ҰОК президентінің бастамасымен біздің ұйым барлық бағыт бойынша ынтымақтастық орнатпақ. Әсіресе спорт журналистикасы мен маркетинг сынды басты салалардың бірінде. Қазіргі таңда олимпиадалық спорт түрлерінің көбінде баспасөз-қызметі мен маркетинг мамандары жоқ. Аталған мамандардың командада болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіргіміз келеді. Сонымен қатар, біз семинарға журфактың студенттерін шақырамыз. Ең бастысы, біз спорт журналистикасына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасамыз. Бұл шара журналистер арасында қызығушылық танытса, мұндай семинарды дәстүрге айналдырамыз», деді Қазақстан ҰОК өкілі Жігер Азбергенов.

Астанада белгілі журналист, суға секіруден олимпиада чемпионы Елена Вайцеховская, спорт журналисі және комментатор, бокс сарапшысы Александр Беленький, «Спорт-Экспресс» газетінің шолушысы, спорт жайлы 19 кітаптың авторы, «Александр Шмурнов пен Игорь Рабинер спорт журналистикасы мектебінің» жетекшісі және мұғалімі Игорь Рабинер, тележүргізуші, «Первый канал» арнасының спорт комментаторы Виктор Гусев, ресейлік тележүргізуші, спорт комментаторы мен тілші Александр Кузмак, комментатор, екі дүркін олимпиада чемпионы (1984, 1988) Дмитрий Васильев, ресейлік спорт функционері, журналист, тележүргізуші, спорт комментаторы, Ресей Олимпиада комитетінің баспасөз-хатшысы Константин Выборнов және оның әріптесі, РОК коммерция және маркетинг бөлімінің басқарушысы Дмитрий Маневич сынды мамандар тәжірибесімен бөліседі. @ Национальный Олимпийский комитет Казахстана — НОК РК

Сондай-ақ, журналистиканы енді меңгеріп жүргендерге спорт журналистикасының жаңа трендттері мен мобильді спорт журналистикасы туралы белгілі қазақстандық журналист пен блогер Берік Сұлтан айтып береді.

Бұл конференцияға кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін өтініштеріңді сәуірдің 18-не дейін мына адрес бойынша жіберулеріңіз қажет: [email protected]

Конференция «Қазмедиа Орталығы» медиа-мектебі, және «Atameken Bussiness Channel» ақпараттық серіктес пен «Қазспорт» телеарнасының қолдауымен өткізіледі.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …