Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / МАНЧЕСТЕР СИТИ — АҒЫЛШЫН СУПЕР КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

МАНЧЕСТЕР СИТИ — АҒЫЛШЫН СУПЕР КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Пеп Гвардиоланың шәкірттері Агуэроның қос голының арқасында «ақсүйектерді» жеңді.

Лондонның (Англия) «Уэмбли» стадионында өткен Ағылшын супер кубогы үшін ойында, «Челси» мен «Манчестер Сити» кездесті.

Тартысқа толы болған ойынның 13-ші және 58-ші минутарында «қалалықтардың» шабуылшысы Серхио Агуэро екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

«Челсидің» жаңа бас бапкері Маурицио Сарри алғашқы ресми ойынында жеңіліс тапты. Ал Пеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Естереңізде болса, «Манчестер Сити» 2017/2018 маусымында Ағылшын Премьер-лигасының жеңімпазы атанған болатын.

«Челси» 0:2 «Манчестер Сити»

Голдар: 13′, 58′ — Агуэро.

«Челси»: Кабальеро – Аспиликуэта, Луис, Рюдигер, Алонсо – Фабрегас (Дринкуотер 60′), Жоржиньо, Баркли – Педро (Мозес 79′), Хадсон-Одой (Виллиан 60′), Мората (Абрахам 69′).

«Манчестер Сити»: Браво – Уокер, Стоунз (Гомес 90+5′), Ляпорт (Отаменди 87′), Менди – Силва, Фернандиньо, Фоден (Диас 75′) – Марез (Жезус 68′), Сане (Гюндоган 46′), Агуэро (Компани 80′).

Фото: «Манчестер Сити» твиттерінен

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҮШ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов Азия ойындарының алдындағы басты мақсатты атады. Бас бапкердің …

Добавить комментарий