Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «БАРСЕЛОНА» АРТУРО ВИДАЛЬДІ РЕСМИ ТАНЫСТЫРДЫ

«БАРСЕЛОНА» АРТУРО ВИДАЛЬДІ РЕСМИ ТАНЫСТЫРДЫ

Жартылай қорғаушы Артуро Видаль ресми түрде «Барселона» клубының ойыншысы атанды.

Каталондық клуб 31 жастағы чилийлікті команданың жаңа ойыншысы ретінде таныстырды.

«Барселонаның» вице-президенті Жорди Местре, Артуро Видальдің «Барсамен» үш жылдық келісімшарт мерзіміне қол қойғанын айтты. Ал келісімшарт мерзімі аяқталмай сатып алу құны 300 миллион еуро.

Местре келісімнің басқа да қаржылық жақтарын ашып айтпады, себебі «Бавария» солай қалаған.

Sport.es басылымының мәліметі бойынша, Видальдің ауысым құны «Барселонаға» 19 миллион еуро + бонустарға түсті. Ал жалақысы жылына 9 миллион еуроны құрамақ.

Фото: «Барселона» клубының твиттер парақшасынан

Сондай-ақ

«ASTANA ARLANS» WSB-ДІҢ СЕГІЗІНШІ МАУСЫМЫНЫҢ ФИНАЛЫ ЖАҚЫНДА БОЛАТЫН ХАБАРЛАДЫ

«Astana Arlans» Instagram-дағы парақшасында, бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сегізінші маусымының финалы жақында болатынын жариялады. Бүкіләлемдік …

Добавить комментарий