Басты бет / Кәсіпқой бокс / Әли Ахмедов / ӘЛИ АХМЕДОВ ГОЛЛИВУДТАҒЫ БОКС КЕШІНДЕГІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН ӨТТІ

ӘЛИ АХМЕДОВ ГОЛЛИВУДТАҒЫ БОКС КЕШІНДЕГІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА САЛМАҚ ӨЛШЕУДЕН ӨТТІ

Жартылай ауыр салмақта қолғап түйістіретін Әли Ахмедов (11-0, 8КО), кәсіпқой бокстағы он екінші жекпе-жегі үшін салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Астана уақыты бойынша 9-шы тамыз күні өтетін «Hollywood Fight Nights» бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Әли Ахмедов жергілікті боксшы Хорхе Эскалантеге (9-1-1, 6 КО) қарсы алты раундқа жоспарланған кездесу өткізеді.

23 жастағы Әлидің таразыдағы салмағы 176,6 фунтты (79,83 келіні) көрсетті. Ал 33 жастағы Хорхе Эскалантенің салмағы 190,6 фунт (86,45 келі) болды.

Әли, соңғы жекпе-жегін 30-шы желтоқсан Алматыда өткізіп, қарсыласы азербайжандық Исмат Эйнуллаевты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Сондай-ақ

СЛИМАНИ «ФЕНЕРБАХЧЕ» КЛУБЫНА АУЫСТЫ

«Лестердің» шабуылшысы Ислам Слимани «Фенербахчеге» ауысты. Алжирлық шабуылшыны түркиялық клуб бір жалға алды. Бірақ «Фенербахчеде» …