Басты бет / Бокс / САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВТЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВТЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бірінші жартылай салмақта қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) келесі жекпе-жегін 25-ші тамызда АҚШ-та өткізеді.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, отандасымыз Top Rank промоутерлік компаниясы өткізетін бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі. Бокс кеші Глендейл (Аризона штаты, АҚШ) қаласында орналасқан «Gila River Arena» аренасында өтеді, және де ESPN телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сағадаттың қарсыласы әлі белгісіз.

24 жастағы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін осы жылдың 16-шы ақпанында Рино (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткізіп, қарсыласы америкалық Ноэль Эскуэдоны (8-6-2, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал 20-шы сәуірде Бёрбанк (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өткен екінші жекпе-жегінде, қарсыласы колумбиялық боксшы Джон Санчес Леонды (3-1-1, 2 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.

Сондай-ақ

СЛИМАНИ «ФЕНЕРБАХЧЕ» КЛУБЫНА АУЫСТЫ

«Лестердің» шабуылшысы Ислам Слимани «Фенербахчеге» ауысты. Алжирлық шабуылшыны түркиялық клуб бір жалға алды. Бірақ «Фенербахчеде» …