Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ҚАЙРАТТЫҢ» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ АЯСЫНДАҒЫ ОЙЫНЫ

«ҚАЙРАТТЫҢ» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ АЯСЫНДАҒЫ ОЙЫНЫ

Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында, алматылық «Қайрат» сырт алаңда чехиялық «Сигмаға» қарсы ойын өткізеді.

Бүгін, 9-шы тамызда, Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы бірінші ойын Чехияның Оломоуц қаласында орналасқан «Андрув» стадионында өтеді. Бас төреші италияндық Массимилиано Иррати болмақ.

Ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де.

Қарымта ойын бір аптадан соң, 16-шы тамызда Алматыда өтеді.

Естеріңізде болса, Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында, «Қайрат» жалпы 3:2 есебімен соңғы өткен Голландия чемпионатының қола жүлдегері және Голландия Кубогының финалына шыққан «АЗ Алкмарды» жеңіп, Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шыққан болатын.

Фото: «f.c.kairat» инстаграм парақшасынан

Сондай-ақ

«МАРСЕЛЬ» ЛИГА 1-ДІҢ ЖАҢА МАУСЫМЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫНДА «ТУЛУЗАНЫ» ТАС ТАЛҚАН ЕТТІ

«Марсель» француздық Лига 1-дің 2018/19 маусымының бірінші турында «Тулузаның» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Бұл …