Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / ТАЭКВОНДОШЫ ФАРИЗА АЛДОҢҒАРОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

ТАЭКВОНДОШЫ ФАРИЗА АЛДОҢҒАРОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Джакарта мен Палембанг қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Таэквондошы Фариза Алдоңғарова Азиаданың қола жүлдегері атанды.

Жартылай финалда Фариза тайпейлік спортшы Су Поядан 6:11 есебімен жеңіліп, үздік үштікке енді.

Осылайша, қазақстандық таэквондошы Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр. Бұл биылғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 5-ші жүлде!

Ширек финалдық сында жерлесіміз Иран өкілі Шейда Элахені 11:3 есебімен жеңген болатын.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

Тамыздың 26-ы  күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда  Конституциясы күніне арналған кезекті велошеру өтеді, …