Геннадий Головкиннен тартып алынған орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізетін, америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) пен украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 KO) бірінші рет көз арбасу рәсімін өткізді.
Жекпе-жек 27-ші қазан күні Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасының кіші залы «Hulu Theater»-де өтеді.
Бұл екі боксшы бір-бірін өте жақсы біледі, себебі екеуі де бапкер Андре Розьенің қол астында жаттығады. Екі боксшы 300 раунд спаринг-серіктес болып жаттығулар өткізген.
Сондай-ақ, Головкин мен Джейкобстің жекпе-жегі алдында, Деревянченко америкалық боксшыға паринг-серіктес болып жаттығуларда көмектескен. 2017-шы жылдың наурыз айында өткен кездесуде, Головкин қарсыласы Джейкобсті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.
Айта кетсек, IBF басшылығы Геннадий Головкиннен белбеуді тартып алған болатын. Себебі, Головкин чемпиондық белбеуін міндетті қарсыласы Деревянченкодан қорғаудан бас тартты.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт