УЕФА еуропаның ең беделді додасында төрешіге көмек ретінде бейнекөмекші жүйесін қолданып көрмек.
VAR жүйесі биыл өткен Әлем чемпионатында, бірқатар даулы сәттерде дұрыс шешімдер шығаруға септігін тигізген болатын.
The Times басылымының хабарлауынша, УЕФА бұл жүйені қолдану жағын қарастыруда.
Ай соңына дейін ұйымның жиыны өтпек, сол жерде жүйенің Чемпиондар лигасының биылғы маусымында нақты қолдану немесе қолданбау жайлы шешімді қабылдайды.
Сондай-ақ, бейнекөмекші жүйесін алдағы Еуро-2020 додасында пайдалану талқылануда, бірақ әлі нақты шешім қабылданбады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт