Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов (7-0, 6 КО) АҚШ-та кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін өткізеді.
Астана уақыты бойынша ертең, 26-шы тамызда Индианаполис қаласындағы «Tyndall Armory» спорт кешенінде өтетін бокс кешінде, Бобыржан Момынов жерггілікті 37 жастағы боксшы Брайн Тиммонске (6-9, 5 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.
Естеріңізде болса, Бобыржан Момынов Астанада өткен Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасындағы бокс кешінде, грузиялық Георгий Блиадзені (7-6, 2 КО) 5-ші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт