Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИАДА-2018: АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО АСА ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕДЕ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

АЗИАДА-2018: АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО АСА ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕДЕ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды.

150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды.

Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші — 3:25:25.

Күміс жүлде Жапония, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісінде.

Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

FIGHT NIGHTS GLOBAL ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ІРІ ДОДА ӨТКІЗЕДІ

31-ші тамыз күні Астана қаласының «Алау Арена» спорт кешенінде, TOBET FC және ALASH PRIDE FC …