Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы екі ойынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
Тізімге 23 футболшы енді:
Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы — «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (екеуі де — «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы — «Қайрат»), Бактиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков (екеуі де — «Астана»);
Шабуылшылар: Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі де — «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебулан Сейдахмет («Уфа», Ресей).
Құраманың тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.
УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Грузия арасындағы ойын 6-шы қыркүйек күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында басталады.
Дереккөз: Kff.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт