Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес екінші жекпе-жектерін өткізді.
Алдыңғы жылы 12 раунд нәтижесі бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын. Ал бұл жолы төрешілер — 115-113, 115-113 114-114 есептерімен Альваресті жеңімпазы деп тапты.
Отандасымыз Головкиннің мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Канело болса, орта салмақтың чемпионы атанды.
Ғаламторда жекпе-жекте төрелік еткен төрешілердің қойған ұпайларының суреті жарияланды.
Беделді Boxingscene.com сайты да өз ұпайларымен бөлісті. Бокс жайлы сайттың пайымдауынша, жекпе-жек 114-114 есептерімен тең аяқталуы тиіс болған.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт