Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес екі боксшыда нағыз чемпиондық кездесу өткізді. Бұған дәлел жекпе-жек барысында жасалған соққылардың көрсеткіштері.
Жалпы жекпе-жек барысында, Головкин 879 соққы жасап, оның 234-і тиді, дәлдік 26,6%. Альварестің 622 соққысының 202-сі тиген, дәлдік 32,5%.
Головкин алдыңғы қолмен тура соққыны (джебтарды) көп жасапты, 547 соққының 118-і тиген, дәлдік 21,6%. Ал Альваресте 256 соққының 59-ы тиген, дәлдік 23%.
Ал күш жағынан келер болсақ, Альварес 366 соққы жасап, оның 143-ін тигізген, дәлдік 39,1%. Головкиннің 332 соққысының 116-сы тиген, дәлдік 34,9%.
Айта кетсек, Сауль Альварес төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, орта салмақтың чемпионы атанды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт