Басты бет / Бокс / ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ: «БҰЙЫРТСА БЕЛБЕУЛЕРДІ ҚАЙТАРЫП АЛАМЫЗ!»

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ: «БҰЙЫРТСА БЕЛБЕУЛЕРДІ ҚАЙТАРЫП АЛАМЫЗ!»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы, отандасымыз Геннадий Головкинді төрешілердің шешімімен жеңіп, орта салмақта жаңа Әлем чемпионы атанған мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетіндігін мәлімдеді.

GGG мен «Канело» арасындағы екінші жекпе-жек бүгін Лас-Вегаста өтіп, 12 раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен — 115-113, 115-113, 114-114 есептерімен жеңіске жетті.

«Бұйыртса белбеулерді қайтарып аламыз! 2019 жылы менің промоутерім мен Канелоның промоутерімен келіседі деп сенемін. Асыға күтемін! Мексикалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз!», — деп Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында жазды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы маусым айында атақты Боб Арумның промоутерлік компаниясы «Top Rank Promotions»-пен келісімшартқа отырған еді. Арумның компаниясы украиндық Василий Ломаченко және америкалық Теренс Кроуфорд сынды боксшылардың ісін жүргізеді.

Сондай-ақ, Жәнібек мамыр айында 2017-шы жылдың ең үздік менеджері атанған Эгис Климаспен келісімшартқа отырған болатын.

Сондай-ақ

МЕДЕУДЕ ДӘСТҮРЛІ «БАСПАЛДАҚ» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Қыркүйектің 23-і күні «Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық …