Басты бет / Велоспорт / ЖЕҢІС КҮНІ МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

ЖЕҢІС КҮНІ МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

Жеңіс Күніне  және Отан қорғаушылар күніне арналған велошеру

Мамырдың 7-і күні «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында өтетін кезекті велошеру Ұлы Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналмақ.

Дәстүр бойынша велошабандоздар сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының  маңында жиналып, ұйымдастырушылардан нөмірлер алып, мәреде сол арқылы бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік алады.

Осы жолы  әуесқойлар 13 шақырым жерді жүріп өтеді. Велошеру қатысушылары Әл-Фараби көшесінен батыс бағытта Розыбакиева көшесіне дейін жетіп, Абай даңғылына дейін түсіп, қаламыздың орталық  стадионда мәреге жетеді.

Мәреде мерекелік концертпен қатар,  нөмірлері бар қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатыса алады, басты сый — велосипедтер.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен осымен үшінші рет өткізіледі, жалпы осы жылы 20 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда жаппай спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған. 2016 жылы өткен 21велошеруге жалпы 19 000-нан астам адам қатысқан.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКРОБАТШЫЛАР ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Немеренко мен Анастасия Архипова Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алды. …