Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ «Fight Night» РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ «Fight Night» РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының жаңартылған рейтингінде көш бастады, – деп хабарлайды   Qsport.kz  порталы   Fight Nights Global  ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.

Fight Nights Global 86 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық, әккі спортшы Тайсон Нэмді (16-8-1) айқын басымдылықпен жеңген Жалғас Жұмағұлов тұжырымның жаңартылған рейтингінде көш бастап, 1-орынға жайғасты. Енді ең жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыздың басты қарсыласы чемпион Тагир Уланбеков болуы керек.  Ал Жалғастан жеңілген Тайсон Нэм жаңартылған рейтингте 3-орынға тұрақтаған.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 56 келі салмақтағы Еуропадағы ең үздік 5 спортшының қатарына кірген болатын. Сондай-ақ отандасымыз әлемдік рейтингте 25-орында тұр.

Дереккөз: qsport.kz

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …