Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29-шы қазан күні өтетін жекпе-жегі алдында ашық жаттығу жиынын өткізді.
Жиналған халық Қанаттың ашық жаттығу-жиынын тамашалап, боксшыға сәттілік тіледі. Өз жерінде тұңғыш рет кәсіпқой жекпе-жегін өткізгелі тұрған Қанат кездесудің оңайға түспейтінін айтты. Сол үшін боксшымыз тыңғылықты жаттығу жұмыстарын тоқтатқан емес.
Қанат Ислам өзінің «WBA Fedelatin» нұсқасы бойынша белдігін қорғау мақсатында кезекті кездесуін Ганалық Патрик Аллотеяға қарсы өткізеді. Одан бөлек «WBO intercontinental» нұсқасы бойынша чемпиондық атақ сарапқа салынады.
Айта кетейік, кездесу 12 мың орындық «ALMATY ARENA» кещенінде 29-шы қазан күні өтеді. Одан бөлек кештің андеркатында жас боксшыларымыз Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шарібаев және Айдос Ербосынұлы жұдырықтасады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт