Басты бет / Кәсіпқой бокс / ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕН АМЕРИКАЛЫҚ БОКСШЫ АХМЕДОВПЕН КЕЗДЕСЕДІ

ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕН АМЕРИКАЛЫҚ БОКСШЫ АХМЕДОВПЕН КЕЗДЕСЕДІ

 

Қазақстандық 21 жастағы кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (6-0-0, 4 КО) чемпиондық белбеуге талас кездесуде 30 жастағы америкалық Кент Холландпен (4-0-1, 2 КО) кездесуі мүмкін.

АҚШ-та 30 маусымға жоспарланған жекпе-жекте Ахмедов WBC — NABF титулы үшін таласатын болады. Бокс кеші Миннеаполисте өтеді. Ал оның қарсыласы Холланд кәсіпқой бокста 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Америкалық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін биыл сәуірде өткізген еді. Ол өз отандасы Остин Бикерманды нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жек бірінші ауыр салмақта өтіп, бірінші раундта аяқталды.

Ахмедовке келер болсақ, ол 30 маусымда биылғы бірінші жекпе-жегін өткізеді. Миннеаполистегі кездесуден кейін қазақстандық боксшы шілдеде, тамызда және қыркүйекте шаршы алаңға шығып, жыл соңына дейін ауыр салмақтағы үздік ондыққа кіруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ

HALYK ARENA-ДА ХОККЕЙ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

«Halyk Arena»  мұз кешенінде  екі күн бойы шайбалы хоккейден «Алматы» ерлер хоккей командасының Қазақстан чемпионатыдағы ойындары өтті, …