Басты бет / Басқа түрлер / 17-ЖАСАР ЗӘУРЕШ АКАШЕВА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «ОҢТҮСТІК АСТАНА» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

17-ЖАСАР ЗӘУРЕШ АКАШЕВА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН «ОҢТҮСТІК АСТАНА» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Алматыда «Зенит» спорт кешенінде үстел теннисінен 20-шы «Оңтүстік астана» атты халықаралық турнир аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыстың финалында қыздар арасында қарағандылық Зәуреш Акашева өзбекстандық Камила Халикованы 4:2 есебімен ұтты. Ал, үшінші орынды астаналық Анастасия Лаврова иеленді. Ол Өзбекстаннан келген өз қарсыласы Мархабо Магдиеваны 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Финал психологиялық жағынан өте қиын болды. Оның үстіне біз өз елімізде ойнаған соң, мойынымызда үлкен жауапкершілік болды. Бірақ, мен тырысып, жеңіске жеттім. Өте қуаныштымын, — деді жеңімпаз Зәуреш Акашева.

Ерлер арасындағы финалда ресейлік спортшылар Илья Жидков пен Илья Исаков кездесті. Оның нәтижесінде Жидков 4:2 есебімен жеңді. Ал, үшінші орын алматылық Тимур Кельбугановқа бұйырды. Ол өзбекстандық Ельмурот Холиковты 4:1 есебімен ұтты.

Жарыс жүлдегерлерін Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов марапаттады.  Айта кетер жайт, 20-ші рет өткен халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген жасы 14-тен асқан 130 ұлдар мен қыздар бақ сынасты. Ойындар»Зенит» спорт кешенінде өткізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Ұлдарға бірінші орын үшін — 300 мың, екінші 230 мың, үшінші 150 мың, төртінші 60 мың, бесінші 40 мың, алтыншы 30 мың теңге. Қыздар — 250 мың, 150 мың, 100 мың, 50 мың, 30 мың, 20 мың теңге иеленді.

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …