Басты бет / Бокс / НҰРСҰЛТАНОВ ПЕН ӘШКЕЕВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ АЛДЫНДА САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

НҰРСҰЛТАНОВ ПЕН ӘШКЕЕВ КЕЗЕКТІ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ АЛДЫНДА САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

Қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) пен Мəдияр Әшкеев (9-0, 5 КО) Астана уақытымен 5-ші тамыз күні Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) өтетін бокс кешіндегі жекпе-жектері үшін салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Мейірім таразыда 159,4 фунтты (72,12 келі) көрсетті. Ал қарсыласы доминикандық Хонатан Батиста (17-14, 10 КО) біраз ауырырақ болып шықты — 164,6 фунт (74,39 келі).

Мəдиярдің салмағы 153,8 фунт (69,4 келі) болды. Ал қарсыласы эквадорлық Эдуардо Флорестің (26-29-4, 15 КО) салмағы — 153 фунт (69,39 келі).

Кешітің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) колумбиялық Элейдер Альвареспен (23-0, 11 КО) кездеседі.

Қазақстандық бокс сүйер қауым бокс кешін, «QazSport» телеарнасынан Астана уақытымен таңғы сағат 07:00-ден бастап тікелей көрсетілімде көре алады.

Фото: «Kazakhwarriorpromotion» инстаграм парақшасынан

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ 21-ШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …