18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында 42 спорт түрінен өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына қатысатын джиу-джитсу шеберлерінің тізімі жарияланды.
Айта кетсек, джиу-джитсу спорты ірі байрақты додасындағы спорт түрлерінің қатарына қосылуда. Олимпиада ойындарының қатарына қосылуға аз қалды деп ойлаймыз. Жазғы Азия ойындары төрт жылда бір рет өтеді, және де Олимпиада алдындағы ең ірі дода болып табылады.
Азия ойындарында джиу-джитсудан неваза-систем бөлімі бойынша 15 спортшы ел намысын қорғайды.
Ерлер
⠀
56 келіде — Сейдуәлі Нұржан
56 келіде — Қонысов Қуандық
62 келіде — Нортаев Дархан
62 келіде — Жәнібек Әбу-Бәкір
69 келіде — Хабибулла Мансұр
69 келіде — Қажеков Нартай
77 келіде — Исраилов Руслан
77 келіде — Нұртақанов Олжас
85 келіде — Гаврилюк Андрей
85 келіде — Цуцоев Усман
94 келіде — Құсаинов Рамазан
94 келіде — Махашев Ризат
Әйелдер
49 келіде — Мекенбаева Мөлдір
62 келіде — Құрбанова Аида
62 келіде — Дуванова Галина