Басты бет / Бокс / WBA NABA БЕЛБЕУІНІҢ ИЕГЕРІ МҰСА ТҰРСЫНҒАЛИЕВ ШАРШЫ АЛАҢҒА ОРАЛАТЫНЫН АЙТТЫ

WBA NABA БЕЛБЕУІНІҢ ИЕГЕРІ МҰСА ТҰРСЫНҒАЛИЕВ ШАРШЫ АЛАҢҒА ОРАЛАТЫНЫН АЙТТЫ

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегінің өтетін уақыты мен жерін хабарлады.

Мұса Тұрсынғалиев (7-0, 6 КО) Instagram-дағы парақшасында, «Жекпе-жекке дайындалу 28-ші қыркүйек Seminole Hard Rick hotel & Casino-да өтеді. Тікелей эфир және басқада жекпе-жек туралы ақпараттар жақында айтылады» — деп жазып, жаттығуының бейнажазбасын салды.

Мұса наурыз айында кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегінде қарсыласы доминикандық боксшы Луис Инохосамен (31-14, 18 КО) жартылай жеңіл салмақта он раундқа жоспарланған кездесу өткізді. Кездесу үшінші раундта Инохосаның жекпе-жекті жалғастырудан бас тартуына байланысты, отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Бұл жеңіс Мұса Тұрсынғалиевке Солтүстік Американың WBA NABA белеуінің иегері атанып, рейтингтегі жағдайының жақсаруна ықпалын тигізді.

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …