Басты бет / Әлем / РЕСМИ: НУРМАГОМЕДОВ ПЕН МАКГРЕГОР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТІҢ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

РЕСМИ: НУРМАГОМЕДОВ ПЕН МАКГРЕГОР АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТІҢ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

6-шы қазан күні Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena»-да өтетін UFC 229 додасында, Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор жеңіл салмақта UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.

Дәлірек айтсақ, 7-ші сәуір UFC 223 додасында америкалық Эл Яквинтаны жеңіп, жеңіл салмақтың чемпионы атанған ресейлік Хабиб Нурмагомедов, бұрынғы жартылай орта және жеңіл салмақтардың чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордан чемпиондық белбеуін қорғайды.

Кеше Америкада өткен баспасөз мәслихатында UFC президенті Дана Уайт, UFC 229 додасының басты жекпе-жегінде Нурмагомедов — МакГрегормен кездесетінін ресми жариялады.

Хабиб кәсіпқой мансабында жеңілістің ащы дәмін көрмеген өте жоғары деңгейдегі жауынгер, ол 26 жекпе-жек өткізіп барлығында да жеңіске жеткен. Ал Конор UFC-дің атағын біраз жерге шығарған жауынгер, ол 21 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.

Фото: «UFC» ресми сайтынан

Сондай-ақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГАДАҒЫ 21-ШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІК ГОЛЫ ТАҢДАЛДЫ

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама …