Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегі үшін салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Филадельфия (Пенсильвания штаты, АҚШ) қаласында өтетін бокс кешінде, отандасымыз америкалық боксшы Джастин Джонсонмен (6-17-6) алты раундтық жекпе-жекте қолғап түйістіреді. Басында Шыңғысханның қарсыласы кубалық боксшы Ясмани Педросо (2-4, 1 КО) болған еді.
Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша қос боксшы да шектеулі 147 фунттан аспады. Шыңғысханның салмағы таразыда 145,9 фунтты көрсетсе, ал қарсыласы Джастинның салмағы 144,7 фунт болды.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт